$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2020, 15:17
Жаңалықтар

Тректегі велоспорт бойынша Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасына үш жолдама алды

Қатысатын спортшылардың есімі кейін белгілі болады

Тректегі велоспорт бойынша Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасына үш жолдама алды
фото: olympic.kz

Халықаралық велоспорт федерациясы тректегі велоспорттан Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестірді. Ұпай жинау кезеңінің нәтижесі бойынша бойынша (Әлем кубогының 9 кезеңі, екі әлем чемпионаты және әлемдік жарыстар) тректегі велопсорттан Қазақстан құрамасы Токиоға үш жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Токиоға Қазақстан құрамасынан үш санат (спринт, омниум и кейрин) бойынша екі спортшы қатысатын болады. Қатысатын спортшылар тізімін Қазақстан велоспорт федерациясы кейінірек ұсынады.

Қазақстан өз тарихында бірінші рет  спринт бойынша олимпиада лицезиясына қол жеткізіп отыр. Тиісті жолдамаға қол жеткізу үшін ұлттық құрама сапынла Артем Захаров пен Сергей Пономарев Берлинде өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа ілініп, көп еңбек сіңірді.

Тректегі велоспорт бойынша жарыс 3-9 тамыз аралығында Токионың «Izu» велодромында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан командасында Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 41 лицензия (жалпы саны – ред.) бар.

Серіктес жаңалықтары