13.04.2023, 08:43
Жаңалықтар
13 сәуірде доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 13 сәуірге арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Доллар бағамы 3,78 теңгеге көтеріліп, 452,97 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте таңертең америкалық валюта бағамы 448,82 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,52 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 447 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 448 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 452,97 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 494,97 (еуро)
- RUB / KZT – 5,52 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 23,45 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 65,82 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,18 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,97 (өзбек сомы).
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды