$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күрт қымбаттады: 12 сәуірде доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Күрт қымбаттады: 12 сәуірде доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 12 сәуірге арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы 4,57 теңгеге көтеріліп, 448,82 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 444,29 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,46 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 449 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 448 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 448,82 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 489,75 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,46 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,27 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 65,18 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,13 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,94 (өзбек сомы).
Серіктес жаңалықтары