$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында пара алған полиция қызметкері сегіз жарым жылға сотталды

Лауазымды тұлға  жергілікті кәсіпкерді алдап, 50 мың доллар пара алған

Ақмола облысында пара алған полиция қызметкері сегіз жарым жылға сотталды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында пара алған полиция қызметкері сегіз жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Лауазымды тұлға  жергілікті кәсіпкерді алдап, 50 мың доллар пара алған. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі инжинері өрт қауіпсіздігін сақтамаған бизнес өкілінен 200 мың теңге пара алып, істі жылы жауып қойған. Қос құтқарушыға үш миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, олар мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан да айырылды. Жалпы аймақта бармақ басты, көз қысты деректері азаймай тұр. Қылмыстың басым бөлігі бизнес субъектілері арасында тіркеліп отыр. 

 «Екі ай ішінде 250 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мәселен, екі аудандық аурухана жауапты кәсіпкерге үш миллион теңге қарыз болған. Ол осы қаржыға медициналық нысанға дәрі-дәрмекпен, жиһаздар жеткізген. Біз облыс орталығындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кездесіп, мәселенің мән-жайын талқыладық. Бір апта ішінде қарыз толығымен төленді», - деді Ақмола облыстық СЖҚК департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин.

Серіктес жаңалықтары