$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысының тұрғыны біреулер өзін құлдықта ұстағанын айтып, көмек сұрады

Полиция осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

Ақмола облысының тұрғыны біреулер өзін құлдықта ұстағанын айтып, көмек сұрады
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғыны өзін біреулер құлдықта ұстағаны туралы әлеуметтік желіде видео таратып, көмек сұрады. Полиция осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақмола облысының Полиция департаменті азамат А.-ның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Дене жарақаттары бойынша Астана қалалық сот сараптамасы институтында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, тергеу шеңберінде куәгерлер анықталып, жәбірленушінің және ол көрсеткен адамдардың айғақтары мұқият тексеріліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысын Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алды.

Серіктес жаңалықтары