Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды

Azattyq Rýhy

Ол 9 наурыз күні 12 жылға сотталған болатын

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды
Фото ашық дереккөзден

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі әскери соттың апелляциялық алқасына жолданды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Еркін Шәріпбеков айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«М.Бектанов мамандандырылған әскери ауданаралық соттың үкімімен 2023 жылдың 24 ақпанындағы ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген жауапта.

Үкім бойынша ол мерзімді жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемесінде өтеуі керек болған.

«Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ, сотталушы М.Бектанов пен қорғаушысы А.Н.Подушкин үкімге шағым түсірді. Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына шағым мәні бойынша қарауға жолданды», - деп жазады Е.Шәріпбеков.

Айта кетейік, 9 наурыз күні бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.