02.04.2023, 12:48
Жаңалықтар
Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштықты тоқтатты
Жұмыссыз тұрғындар мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап еткен болатын
Бейнеден кадр
Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша алдағы жұмыстарды жалғастырады», - деп хабарлады әкімдік.
Еске салайық, Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап еткен болатын.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді