31.03.2023, 17:08
Жаңалықтар
Түркістан облысының Жетісай ауданында 335 гектар жер игерілмеген
Құжаты жоқ және өз мақсатына сай пайдаланылмаған 61 нысан анықталды
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысының Жетісай ауданында бос жатқан жерлерді игеру, қала мен ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Otyrar.kz мәліметіне жүгінсек, былтыр ауыл шаруашылығы мақсатындағы 351 га жер пайдаланылмаған. Тексеріс барысында 9 гектар алқап ерікті түрде мемлекетке қайтарылды. Биыл 335,85 гектар ауыл шаруашылығы және 2 гектар кәсіпкерлік мақсатындағы игерілмеген жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмысы жүргізіледі.
Сонымен қатар құжаты жоқ және өз мақсатына сай пайдаланылмаған 61 нысан анықталды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды