$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-дағы болжамды сепаратистер видеосынан кейін тергеу жүріп жатыр – Бас прокуратура

Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды

СҚО-дағы болжамды сепаратистер видеосынан кейін тергеу жүріп жатыр – Бас прокуратура

Бас прокуратурада Солтүстік Қазақстан облысындағы «жұмысшылардың халық кеңесі» отырысының видеосына түсініктеме берілді, онда жиналғандар Қазақстан Республикасының қабылданбағаны және Қазақ КСР-ге оралғаны айтылған. Бұл туралы Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен әлеуметтік желілерде «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» («Народный совет трудящихся города Петропавловск») құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігімен (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада .

Осы күні облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды.  

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізілуде, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды.   

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етiлуге жатпайды.

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Серіктес жаңалықтары