Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау курортының бірі жабылды
Таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін екені ескертілді
Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау курортының бірі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде 26-28 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.
«Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлері бірлесіп, «Пионер» тау курорты аумағында мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта қар көшкіні қаупі себебінен тау курорты жабық. Әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, демалушылар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Іле-Алатау ұлттық паркінде (Алмарасан, Аюсай) көшкін қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылып жатыр. Блок-бекеттері қойылып, «Қазселденқорғау» қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.