26.03.2023, 17:39
Жаңалықтар
Алматы - Өскемен тас жолында жеңіл көлік пен эвакуатор соқтығысты
Жарақат алған 6 адам ауруханаға түсті
фото: ҚР ІІМ
Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тас жолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі - кәмелетке толмаған бала.
Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталады.
Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмысын жалғастыруда.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды