ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысында 27 жыл бұрын болған қылмыс ашылды

Күдікті жалған құжатпен Мәскеуде тұрып жатқан

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының полицейлері 1993 жылы болған қылмысты ашты. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады.

1993 жылдың 6 қарашасында «Алматы-Екатеринбург» тасжолында 28 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол «Москвич» көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан «Москвич» жүргізушісі және екі жолаушысы қайтыс болған. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

«ҚазССР ҚК 3-бөлігі 217-бабы (қазір ҚР ҚК 4-бөлігі 345-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жүк көлігінің жүргізушісіне іздеу салынады. 2020 жылдың 4 наурызында оның кім екені анықталады. Ер адам Мәскеуде жалған құжатпен тұрып жатыр екен. Қазір ол 55 жаста», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті Ресей ІІМ Очаково-Матвеев ауданындағы тергеу изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі ҚР Бас прокуратурасы арқылы шешіліп жатыр.