$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2020, 03:59
Жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл әкімі сотталды

Ол партия қатарынан шығарылды

Павлодар облысында ауыл әкімі сотталды
Фото: pavlodarnews.kz

Nur Otan партиясының облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. 

Іс-шара кезінде партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының Ертіс және Шарбақты аудандарында жүзеге асырылу барысы талқыланды

Мәселен, отырыс барысында Ертіс ауданы Ленино ауылы әкімінің міндетін атқарушы 141 600 теңге көлемінде бюджет қаражатын қымқырғаны белгілі болды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратына сүйенсек, Ленино ауылы әкімінің міндетін атқарушы Гүлмира Кәкімова сот шешімімен 1,4 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Одан бөлек, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Ыдырысовтың айтуынша, Гүлмира Кәкімованың партиялық жауапкершілігі де қарастырылды. 

«Бюджеттік қаражатты қымқыру фактісіне байланысты сот үкімінің заңды күшіне енуіне орай Гүлмира Кәкімованы Nur Otan партиясы қатарынан шығару туралы ұсыныс келіп түсті. Жергілікті бастауыш партия ұйымының шешімімен ол партия қатарынан шығарылды», - деді Әлібек Ыдырысов.

Серіктес жаңалықтары