6 наурызға арналған ауа райы болжамы
Жұма күні елімізде жел күшейеді
6 наурызда елімізде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«6 наурызда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, соған байланысты еліміздің батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп бара жатқан циклон әсерінен қалған аумақтың кей жерлерінде қар жауады, оңтүстікте жаңбыр немесе қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, оңтүстікте көктайғақ пен шаңды дауыл күтіледі», - делінген синоптиктердің болжамында.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерде - тұман.
Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі, Солтүстік Қазақстанда жаяу бұрқасын соғады.
Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман, күндіз жел 18 м/с жетуі мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғалы, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.