$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2020, 17:05
Жаңалықтар

Шамалған станциясындағы көпір 2021 жылы қолданысқа беріледі

Эстакаданың ұзындығы 340 метрді құрайды

Шамалған станциясындағы көпір 2021 жылы қолданысқа беріледі

Алматы облысының Шамалған теміржол станциясында салынатын көпір келесі жылы қолданысқа беріледі. Жобалық-сметалық құжаттары осы айда аяқталып, құрылысы басталуы тиіс өткел эстакада түрінде салынбақ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолайрық қазіргі қолданыстағы өткелден 250 метр қашықтықта орналасады. 

«Автомобиль жолдары комитетінің Шамалған станциясындағы жол өткелінің құрылысын жүргізу тақырыбына арналған ғылыми-техникалық кеңесінде жолайрықтың бірінші техникалық санатқа сәйкес болатыны туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстары үшін Шамалған мен Екпінді елдімекендерінің арасындағы жол учаскесі таңдап алынды. Бұл негізгі тасжолдарға жету жолын 0,7 шақырымға қысқартуға, сондай-ақ, транзитті көлік ағынын елдімекеннен тыс жерге шығаруға мүмкіндік береді», - делінген министрліктің хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰК тапсырысы бойынша көпірді салумен екі компания айналысады. Сондай-ақ, осы жерде «Алматы-1 – Шамалған – Ұзынағаш» автожолында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолын салуға Алматы облысы әкімдігі жергілікті бюджеттен 330 миллион теңге бөлген. Ұзақ жылдан бері шешімін таппаған бұл мәселелерді Үкімет тек былтыр пойыз бен автобустың соқтығысуынан кейін ғана қолға алды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы – Қостанай  бағытындағы пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысып, апат адам өлімімен аяқталған еді.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары