$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте олимпиадаға қатысып жатқан 12 оқушы ауруханаға жеткізілді

Балалар медицина қызметкерлерінің, оның ішінде министрліктің бақылауында

Шымкентте олимпиадаға қатысып жатқан 12 оқушы ауруханаға жеткізілді
Фото ашық дереккөзден

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 12 оқушысы Шымкенттегі олимпиададан  кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталықтың  мәліметінше, 21 наурыз күні кешкісін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының олимпиадасына қатысып жатқан  904 баланың 12-сінде температураның жоғарылауымен, ішек-асқазан жолдарының функциясының бұзылуымен байланысты ауру белгілері пайда болған.

«Жедел жәрдем» дәрігерлерінің қарауынан кейін балаларды Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына тасымалдау туралы шешім қабылданды.

«Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың себептерін анықтайды. Балалар медицина қызметкерлерінің, оның ішінде министрліктің бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті осы қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс тобы әр сұрақты мұқият зерттейді. Жағдай Оқу-ағарту министрінің жеке бақылауында», - делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша вице-министр Шолпан Каринова, орта білім комитеті төрағасының орынбасары және балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанды.

Серіктес жаңалықтары