21.03.2023, 10:42
Жаңалықтар
Ойыл ауданында комиссия су тасқынынан келген залалды бағалауға кірісті
Қаратал ауылында 5 үй мен 25 аула су астында қалған
Фото ашық дереккөзден
Комиссия Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалауға кірісті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі кезде көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы үйлер мен аула аумақтарын тексеріп жатыр.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, елдімекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған», - деп жазды ведомстводан.
Еске сала кетейік, өңір басшылығы Қобда ауданы Қобда ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауда.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді