Жел, тұман, найзағай: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің шығысындағы қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМҚ синоптиктері 21 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыста тұман түседі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз облыстың оңтүстігінде 2-7 градус жылы болады.
Түркістан облысының тауларында түнде нөсер жаңбыр, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.
Шымкентте 21 наурызда түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды.
Сонымен бірге 20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.