$ 521.57  601.01  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР Президентінің Іс Басқармасының ұжымы қарттар үйіне барды

Қарияларға Наурыз дастарханы жайылды

ҚР Президентінің Іс Басқармасының ұжымы қарттар үйіне барды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мйерамына орай, ҚР Президентінің Іс Басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдары Елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Шарапат» орталығында зейнет жасындағы жалғыз басты қариялардан бөлек, арнайы күтімді қажет ететін І, ІІ топтағы мүгедек азаматтар тұрады. Олар Мемлекеттік күзет қызметі оркестрі қойған мерекелік концертті тамашалады.

Игі іс-шара аясында Президент Іс Басқармасының қызметкерлері қарттар үйінде тұрып жатқан үш жүзден астам адаммен кездесіп, Наурыз мерекесімен құттықтап, олардың тұрмыс жағдайымен танысты.

«Еліміздің дамуына қариялардың сіңірген еңбектері зор деп білеміз, оны жоғары бағалаймыз. Оларға бар жақсылықты тілейміз»,- деді ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шолпан Жұмағұлова.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова да аға буын өкілдеріне ұжымның мерекелік ізгі тілегін жеткізді.

«Көктемнің осынау әсем де шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен қарияларымызды шын жүректен құттықтаймын! Баршаға мықты денсаулық, амандық пен бар жақсылықты тілеймін», – деді Людмила Бюрабекова.

Шара барысында қариялардың жастық шағынан сыр шертетін сырлы әндер орындалып, күмбірлеген күй тартылды.

Одан кейін Наурыз дастарханы жайылды. Ұлыстың ұлы күнінде қарияларға мол дастархан әзірлеп, сый-құрмет көрсетуге Іс Басқармасына қарасты ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Медициналық орталық ауруханасы және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы атсалысқанын айта кеткен жөн.

Осы игілікті шараға арнап ҚР Президенті Іс Басқармасы қызметкерлері өздерінің жеке қорынан кітап жинап әкелген болатын. Кітаптар «Шарапат» орталығының кітапханасына тапсырылды. Орталықта тұратын адамдардың қажетіне орай, басқа да сый-сияпаттар жасалды.

Серіктес жаңалықтары