Астана тұрғыны сайлау учаскесінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Сайлау комиссиясының басшысы жастарға естелік сыйлықтар табыс етті
Астана тұрғыны сайлау учаскесінде дауыс берген соң сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан белгілі болғандай, сайлау комиссиясының басшысы жастарға естелік сыйлықтар табыс еткен.
«Бүгін елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде селт еткізер оқиға болды. Сайлау учаскесіне азаматтық борышын өтеу үшін келген жас жігіт жұртты таңғалдырды. Ол салаудағы кандидаттар мен партияларға таңдау жасаумен қатар, өміріндегі маңызды таңдауын да жасады. Дауыс бергеннен кейін ол өзінің сүйіктісіне жар болу ұсыныс жасады. «Мен өз елімнің болашағы үшін таңдау жасадым, енді сенімен бірге бақытты болашақ үшін таңдау жасаймын» деген жас жігіттің ұсынысына сүйіктісі «иә» деп жауап берді», - деп жазады kris_p_almata паблигі.
Оқиға куәгерлері жас жігіттің батыл әрекетіне тәнті болды. Ал сайлау комиссиясының басшысы тіпті, жастарға естелік сыйлықтар табыс етті.