Әлемнің бірқатар ірі қаласында сайлау учаскелері ашылды
Солтүстік Американың бірнеше аймағында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Солтүстік Америкада Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада сайлау учаскілері жұмыс істей бастады», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, сонымен қатар әлемнің Бразилиа, Лондон және Лиссабон Загреб, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Рабат, Осло және Стокгольм сияқты ірі қалаларында сайлау учаскелері ашылды.
Сондай-ақ Анкара мен Бакуда сайлаушылардың белсенділігі жоғары екені айтылды.
Тақырыпқа орай: Сеулде сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандықтың кім екені белгілі болды
Айта кетсек, Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ең бірінші болып ашылды. Сондай-ақ Ташкент, Ашхабад, Душанбе: әлемнің тағы 9 елінде сайлау учаскесі ашылғанын хабарлаған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.