Еңбек өтілдері 750 жылды құрайды: Түркістан облысында теміржолшылар әулеті дауыс берді

Azattyq Rýhy

Бұл әулеттен 15 теміржолшы шыққан

Еңбек өтілдері 750 жылды құрайды: Түркістан облысында теміржолшылар әулеті дауыс берді
Фото: Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында теміржолшылар әулеті сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Арыс қаласында тұратын Ибрагимовтер әулетіндегі 15 баланың барлығы бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған. ҚазАқпарат мәліметіне сүйенсек, 100 жастағы Алтай атадан тараған ұрпақтың теміржолдағы еңбек өтілдерін қосқанда жалпы 750 жылды құрайды.

«Біздің әулеттен 15 теміржолшы шыққан. Бүгінгі науқаннан қалмай өз таңдауымды жасауға ұлдарым мен немелерімді ерте келдім. Еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болсын», – деді ақсақал.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы тиіс.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.