$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайлау мен 30 жасы қатар келген күн: Алматы облысында ер адам туған күнінде дауыс берді

Ол осыған дейін де бірнеше сайлауға қатысып, белсенділігін танытқан

Сайлау мен 30 жасы қатар келген күн: Алматы облысында ер адам туған күнінде дауыс берді

Ералы Рахметқожаев үшін 19 наурыз өмірінде есте қаларлық күн болмақ. Дәл бүгін дүниеге келген қарасайлық азамат мемлекеттің келешегі жарқын болсын деген ниетпен халық қалаулыларын таңдау үшін №435 сайлау учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

30 жасқа толған Ералы Әділханұлы туған күнінде азаматтық міндетін орындаған қарасайлықтардың бірі болды. Naqty.kz желілік басылымының мәліметіне сүйенсек, төл мерекесінде ел қатарлы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол осыған дейін де бірнеше сайлауға қатысып, белсенділігін танытқан.

«Бүгін Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Елдің ертеңі, ұлттың тағдыры әрбір азаматтың таңдауына байланысты деп ойлаймын. Депутаттар елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, тұрғындардың талабын билікке жеткізуші – халық қалаулылары. Сондықтан олардың қызметіне лайықты адамды дұрыс таңдай білуіміз керек. Өз құқығымды пайдаланып, мен де бүгін сайлаудан шет қалмай, дауыс бердім», – дейді Ералы Рахметқожаев.

Серіктес жаңалықтары