Respublica партиясының төрағасы сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келді
Айдарбек Қожаназаров Елордадағы сайлау учаскелерінінің біріне келіп дауыс берді

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров «Астана Опера» театрында орналасқан № 393 учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қожаназаров оның сырт киіміне назар аударған журналистердің сұрағына жауап берді.
«Менің ойымша, шапан күнделікті киетін дәстүрлі киімге айналу керек, әрине, күнде шапан кимесек те, ұлттық киімді жиі кисек жарасады», - деді Қожаназаров.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысып жатқан тағы бірнеше саяси партиялардың төрағалары да дауыс беріп үлгерген. Атап айтсақ, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бүгін Астана қаласындағы сайлау учаскелеріне келіп, дауыстарын берді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.