$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайлау күні үгіт-насихаттың кез келген түрі заңсыз саналады – Бас прокуратура

Қазақстанда Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр 

Сайлау күні үгіт-насихаттың кез келген түрі заңсыз саналады – Бас прокуратура
Фото ашық дереккөзден

Сайлау күні жасалатын үгіт-насихат заңсыз болып саналады. Бұл туралы онлайн-телемарафон кезінде Бас прокуратураның өкілі Азамат Сарғазин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Сайлау күні БАҚ-та кандидатты қолдайтындай сауалнама қорытындыларын, сайлау нәтижесінің болжамын және сайлауға қатысты бұндай сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Сайлау туралы заңның осы талаптарын бұзғандар Әкімшілік кодекстің 102 және 120 баптары бойынша жауапқа тартылады», - деді Азамат Сарғазин.

Айта кетейік, телемарафон барысында Бас прокуратура өкілі сондай-ақ, сайлау заңнамасын бұзғандарға қатысты мәлімет берген болатын.

«Прокуратура органдары сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз етілуін барынша жоғары деңгейде қадағалап отыр. Бұған дейін хабарлағандай, 17 наурызға дейін прокурорлар Мәжіліс сайлауы бойынша 24, мәслихат бойынша 13 заңбұзушылықты тіркеді. Ол фактілердің барлығы бойынша кінәлілер жазаға тартылды. 17-18 наурызда прокурорлардың шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың үшеуі Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша тіркелді», - деді ол.

Бүгін, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Серіктес жаңалықтары