19.03.2023, 11:02
Жаңалықтар
«Келесі сайлауда кездескенше»: Алматыда ҰОС-ның 103 жастағы ардагері өз таңдауын жасады
Сайлау комиссиясының мүшелері ҰОС ардагерінің үйіне барды
Ұлы Отан соғысының ардагерлері бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сайлау комиссиясының мүшелері ҰОС ардагері Филипп Губановтың үйіне барды. Ол №536 сайлау учаскесіне жататын «Құлагер» шағын ауданының тұрғыны.
«Менің балалық шағым біздің тарихымыздың қиын кезеңдерімен сәйкес келді – бұл соғыс пен аштық. Тағдыр маған бейбіт өмір мен бақытты күндерді көруді бұйырды. Мен бұл өмірді сақтап қалғым келеді, сондықтан бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс беремін! Мен үшін сайлауға қатысу және дауыс беру-бұл бақыт. Келесі сайлауда кездескенше!», - деді ҰОС ардагері Филипп Губанов.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды