$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«46%-ы сот шешімімен келіспейді»: Конституциялық сотқа 1800-ден астам өтініш түскен

Қазіргі уақытта Конституциялық сотта 306 өтініш қарауда жатыр

«46%-ы сот шешімімен келіспейді»: Конституциялық сотқа 1800-ден астам өтініш түскен

Осы жылдың 17 наурызындағы жағдай бойынша Конституциялық сотқа азаматтардан 1856 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі уақытта 306 өтініш қарауда, оның ішінде конституциялық іс жүргізуге 12 өтініш қабылданды, 30 өтінішті судьялар алдын ала зерделеуде.

Өтініш берушілер негізінен соттардың шешімдерімен келіспеу – 46%, НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 23%, ақпаратқа қол жеткізу – 3,6%, еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру – 2,3%, қылмыстық-атқару жүйесі - 1,6% және өзге де мәселелер бойынша жүгінді», - деп мәлімдеді ҚР Конституциялық соты.

Осы кезеңде төрт нормативтік қаулы шығарылды, оның екеуі азаматтардың өтініштері бойынша. Атап айтқанда, Конституциялық сот Салық кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жекелеген нормаларын Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Өтініштердің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан келіп түскен.

Серіктес жаңалықтары