$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысының су айдындарында мұзды жару жұмыстары басталды

Мұзды қопсыту жағалаудағы су басудың алдын алуға көмектеседі

Қостанай облысының су айдындарында мұзды жару жұмыстары басталды
фото: www.gov.kz

Қостанай облысында өзендер мен жасанды су айдындарында мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау үшін жару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көктемгі су тасқыны қарсаңында өзендердегі мұзды қопсыту өткен жылдардағы тәжірибе бойынша елді мекендер маңындағы жағалау аумақтарын су басуға жол бермеу ісінде өзінің тиімділігін көрсетті.

«Бүгін Қарасу ауданындағы Қарасу өзенінде 1 жарылыс болды. Жару орындарындағы мұз жамылғысының қалыңдығы 1 метрді құрады. Жарылған мұздың жалпы көлемі 6900 м2 аумақта шамамен 7000 м/куб құрады, жарылған зарядтар саны 100 данадан асады. ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, «БВР Строй» ЖШС жарылғыштары, жедел-құтқару жасағы, жергілікті полиция қызметі жұмылдырылды», - деп көрсетті Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары