«Ақ жол» демпартиясының өкілдері Жаңаөзен қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті
Жиын барысында «Ақ жол» партиясының кандидаттары партия бағдарламасын таныстырды
«Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев, төраға орынбасары Қазыбек Иса, партия атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Азат Өтепбай 14 наурыз «Амал» мерекесін халық ортасында өткізуді мақсат тұтып, Жаңаөзен қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 наурыз күні республикалық штаб мүшелері «KMG EP Catering» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Сонымен қатар, «ақжолдықтар» «МұнайСпецСнаб» ұжымымен кездесті. Партия лидері саяси бағдарламаның негізгі алты бағытын атады.
Бұдан бөлек, партия белсенділері Жаңаөзен қаласындағы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаттықтырушылары және қала тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында «Ақ жол» партиясының кандидаттары партия бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік әділеттілік, қаланың инфрақұрылымы, медициналық сақтандыру, халық тұтынатын тауарлар бағасына қатысты мәселелерді талқылады.