«Ақ жол» партиясының белсенділері Ақтөбе облысының жұртшылығымен жүздесті
Кездесу барысында кандидаттар партияның саяси бағдарламасын таныстырды

Азат Перуашев, Қазыбек Иса және Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов бастаған республикалық штаб мүшелері Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Бұл өзгерістер елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Атап айтқанда, «Ақ жол» партиясының басты мақсаты - әрбір азаматтың еркін дамуына қажетті жағдай жасау, оның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын ұдайы көтеру, сондай-ақ Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуі», - деді А.Перуашев.
Сонымен қатар, Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуының іргелі негізін қалаған Алаш қозғалысының ізбасары екенін, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды, әлемдік өркениеттің озық жетістіктерімен ұлттық мүдделерді тоғыстыруды мақсат еткенін атап өтті.