«Ақ жолдың» партиясының республикалық үгіт-насихат тобы Ақжайық халқымен кездесті
Үгіт-насихат тобы ұжыммен ашық әңгіме өрбітіп, кездесуге келгендердің сұрақтарына жауап берді

«Ақ жол» партия төрағасы Азат Перуашев бастаған үгіт тобында ақын, мәжіліс депутаттығына кандидат Қазыбек Иса, партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Мерғалиевтер бірнеше еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Бірінші болып үгіт тобы облыстағы ең ірі «Модисал» жиһаз цехіне табан тіреді. Өз кәсібін жоқтан бастаған цех басшысы Алихан Жұмашев «Ақ жол» атынан бір мандаттық жүйе бойынша қалалық мәслихат депутаттығына ұсынған азамат.
Үгіт-насихат тобы ұжыммен ашық әңгіме өрбітіп, кездесуге келгендердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысқандардың көбісі жастар. Жиында ауылдан келген жастарды үймен қамту, шетелге жемқорлар шығарған қаражатты елге қайтару, несие пайыздарын азайту, азық-түлік бағаларының тұрақтылығы сияқты тақырыптар талқыланды.