$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2019, 10:48
Жаңалықтар

DAZN Головкин-Альварес жекпе-жегін 2020 жылы көктемде өткізуді жоспарлап отыр

Келіссөздер биыл қараша айында басталады

DAZN Головкин-Альварес жекпе-жегін 2020 жылы көктемде өткізуді жоспарлап отыр

DAZN вице-президенті Джо Марковски Boxingscene.com порталына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті 2020 жылы өткізгісі келетінін айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан және Мексика боксшыларының арасындағы келіссөздер қараша айында басталуы мүмкін.

«Біздің келісімшартта боксшыларды үлкен жекпе-жектер өткізуге міндеттейтін тұстары бар. Келісім туралы ашып айта алмаймын, бірақ, біз бұл бокс кешін өткіземіз. Мен сенемін, бұл жекпе-жек 2020 жылы өтеді. Біз ол үшін барымызды саламыз. Альварес Коволевпен жекпе-жегін өткізіп алғаннан кейін қос тарап та келіссөз жүргізуге дайын. Барлығы трилогияны күтіп отыр және мұны Golden Boy мен GGG жақсы біледі. 2 қарашадан кейін біз келіссөзге отырып, 2020 жылдың мамыр айында үшінші кездесуді өткізуге тырысамыз», - деді Марковски.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес 2 қараша күні жартылай ауыр салмақта ресейлік Сергей Ковалевпен жұдырықтасады. Ал, Головкин болса 5 қазанда украин Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO чемпиондық титулдарына ие болды.

Серіктес жаңалықтары