Қазақстанның солтүстік облыстарында тұман түседі – синоптиктер
«Қазгидромет» РМК 14 қазан күні Қазақстанның төрт өңірінде дабылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел соғады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Дауыл болу ықтималдығы 90-95% құрайды.
Нұрсұлтан қаласында таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр. Дауыл болу ықтималдығы 85-90% құрайды.