$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда төтенше жағдай жарияланды

Саратов тас жолының бойында орналасқан 8 көпқабатты үйдің жертөлелерін су басты

Оралда төтенше жағдай жарияланды

11 наурызда қалалық жедел штабтың отырысы өтті. Нәтижесінде жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды. Орал қаласы әкімінің төтенше жағдай жариялау туралы шешімі бүгінгі күнмен шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орал қаласы әкімдігінің мәліметінше, ауа-райының күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі және жердің тоңының қалың болуына байланысты кеше Свистун гора және Сарытаудан, Саратов тас жолының бойындағы каналдар  және Құс фабрикасындағы өткелде еріген су пайда болды. Тиісінше, су өткізгіш құбырларда еріген судың көп мөлшерін өткізуге мүмкіндік болмады.

Саратов тас жолының бойында орналасқан 8 көпқабатты үйдің жертөлелерін су басты. Нәтижесінде арналар толып, еріген сулар жоғарғы шекарадан өтті. Қазіргі уақытта су өткізуді жақсарту үшін Айтқұлов көшесінде жол кесілді.

Саратов тас жолының бойындағы «Алтындар» гипермаркеті мен «Автодоктор» ТБС-на қарама-қарсы су өткізу каналының 2 учаскесінде КАТ («Жайық Таза қала» ЖШС) техникасымен топырақ төгіліп, мотопомпалар орнатылды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған үйлердің жертөлелерінен еріген су сору жұмыстары жүргізілуде (8 ПМ, 2 андижанец, 2 вакуумдық машина және 3 мобильді мотопомпалар тартылған). Қазіргі уақытта 1127 метр текше су сорылды.

Жұмыстарға 150-ден астам адам, 4 КАТ, 8 КАМАЗ, сондай-ақ, ТЖД техникасы, атап айтқанда 1 ПНС-110 (ЗИЛ базасындағы мотопомпалар), 6 мобильді (тіркемелі) мотопомпалар және басқа 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Зашағанда жағдай тұрақты.

Қала бойынша барлығы:

  • 223 365 текше метр қар шығарылды.
  • 30 559,5 текше метр  су сорылды:

Су тасқынына қарсы іс – шараларға 136 бірлік техника (су сорғыш – 39, инженерлік – 68, мотопомпалар-19 және қосымша техника-29) және 100-ден астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, 4000-ға жуық қап дайындалып, су басқан жерлерге жеткізілді. 

«Қала бойынша 27 құрама-эвакуациялық пункт анықталды. Сонымен қатар су басу қаупі төнген жағдайда халықты орналастыру үшін қосымша 10 мектеп, 1 мәдениет үйі («Деркөл» м/ү) және 1 спорт кешені («Орал» спорт клубы) белгіленді.

Халықты төтенше жағдай орнынан эвакуациялау үшін жолаушы-тасымалдаушы 6 мекемемен 30 автобусқа келісімшарт жасалды, зардап шеккендерді уақытша орналастыру үшін облыс орталығының 2 қонақ үй кешендерімен ниет-шарттар жасалды»,- деп мәлімдеді Орал қаласының әкімдігі.

Үйін су басқан бір отбасы уақытша «Саяхат» қонақ үйіне орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары