$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында кандидаттар білім саласын талқылады

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы көбейгені айтылды

Ұлытау облысында кандидаттар білім саласын талқылады

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан барлық деңгейдегі депутаттыққа кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары, партия бағдарламасын түсіндіру жұмысы №3 орта мектептің мәжіліс залында өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов бастап барған кандидаттардан құралған топтың құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «AMANAT» партиялық тізімі бойынша кандидат Аманжол Әлтай, бір мандаттық сайлау округтері бойынша кандидат Ерболат Сатыбалдин, партиялық тізім бойынша сайланатын Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидат Нұргүл Талғатбекова, бір мандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Светлана Жумкина, Олжас Сауқымов, Жезқазған қалалық мәслихатына бір мандаттық сайлау округтері бойынша кандидат Қанат Мусин және Нұрболат Сұлықбаев болды.

Бауыржан Қабденұлы жиында алғы сөз сөйлеп, партияның ел игілігі жолында атқарған жұмысына, алдағы уақытта партияның сайлауалды бағдарламасына сүйеніп атқарар жұмысына, Ұлытау облысының кешенді жоспарына, өңіріміз үшін орын алатын жағымды жаңалықтарға кеңірек тоқталды.

Сөз кезегін алған Аманжол Дүйсенбайұлы білім саласында болып жатқан оң өзгерістер, жаңашылдықтар жөнінде қозғады. Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы көбейгенін, алдағы кезеңде  салынатын заманауи мектептер мен балабақшалар саны артатынын айта кетті. Педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмыс әлі де жалғасады. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндетіне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады.

«Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады. Сондай-ақ, құр бос уәделер бере беретін заманның көші кетті, енді нақты істерге көшетін боламыз, сондықтан жақсы өзгерістер болатынына селкеусіз сеніммен «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер», - деген мәлімдемесін жеткізді.

Жиын барысында киелі мамандық иелері тарапынан қойылған сауалдар мен ұсыныстарға рет-ретімен толыққанды жауап берілді, кандидаттар айтылған ұсыныстарды жазып, оларды шешудің жолдарын міндетті түрде қарастыратындарын жеткізді.

Светлана Серікбайқызы мектептердегі және басқа да мекемелердегі техникалық қызметкерлердің, есепшілердің, психологтардың жалақысы көңіл көншітпейтіні, соның бір шешімі бола ма екен деген ұсынысқа жауап қатты. Өз кезегінде С.Жумкинаның бұл мәселе талқыланып, көтерілгені туралы жауабына А.Әлтай да қосылып, алдағы сайлауда Мәжілістен мандат бұйырып жатса, бұл мәселені міндетті түрде шешімін табатындай тағы көтеретінін айтты.

Қорыта айтқанда, еркін форматта болған бұл кездесу ұстаздардың партия мен кандидаттарын қолдаған нотада аяқталды.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары