«AMANAT»: Алматы облысында медицина мамандары тапшылығы жойылады
Талғар ауданында және өңірге қарасты аудан-қалаларда 60-тан астам мектеп салынады

Талғар ауданында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бекзат Мырзахмет тұрғындармен кездесу өткізді. Үміткер саяси кезеңнің ел болашағына маңызды тұстарын түсіндіріп, партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиын Талғар ауданындағы медициналық колледжде қызметкерлер мен мекемеде білім алып жатқан студенттердің қатысуымен өтті. Сөз тізгінін алған кандидат партияның мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту екенін атап өтті.
«Талғар ауданында және өңірге қарасты аудан-қалаларда үш ауысымды білім беруді түбегейлі жою үшін 60-тан астам мектеп салынады. Облысқа медициналық кадрларды тарту, оқуға түсу үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында адамдар көп жиналатын орындарда жылжымалы медициналық пунктердің жұмысын ұйымдастырамыз. Бұл шаралар халықтың өмір сүру ұзақтығын 74 жастан 76 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», − деді жиында Бекзат Мырзахмет.
Ол сайлауалды бағдарламардағы жастарға арналған тармақты кеңінен түсіндірді. Жастарды қолдау үшін «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты жас азаматтарды жұмыспен қамтуға, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуге ықпал ететін болады.
«Алатау жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасы жалғасын тауып, биыл жобаны қаржыландыру сомасы ұлғайтылды.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді