$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды

ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Еліміздің мерекелік күнтізбесі жаңа даталармен толықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары