11.03.2023, 17:08
Жаңалықтар
Атырауда батпаққа белшесінен батып, шыға алмай қалған жасөспірім құтқарылды
Құтқару жұмыстарына 6 адам мен 2 техника жұмылдырылды
видеодан скрин
Атырауда батпаққа белшесінен батқан жасөспірімді құтқарушылар алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Самал ықшам ауданында көшелердің бірінің бойында батпақты жерге 1 бала батып, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД қызметкерлері 2008 жылы туған жасөспірімнің жылқымен келе жатып, сай жерде батпаққа батқанын анықтады.
Құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау капитаны А. Құмар арнайы құтқару арқанының қөмегімен жасөспірімді батпақтан тартып шығарды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді