ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстанға барды
Сапар аясында ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланады

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қырғыз елінің жоғары саяси және әскери тұлғаларымен кездесу өткізу үшін Бішкекке барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғыз Республикасы Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл сапар аясында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР Президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтеді, онда тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ аталған ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылайды.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2023 жылға арналған бағдарламалары мен басымдықтарын, сондай-ақ ҰҚШҰ ҰҚК кезекті сессиясына дайындық барысын баяндады. Одан бөлек, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің орындалуы және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат берілді.