$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысын дамыту: алдағы үш жылда қандай шаруалар жоспарланып отыр

Өңірде дала диқандары су тапшылығынан зардап шегіп отыр

Жетісу облысын дамыту: алдағы үш жылда қандай шаруалар жоспарланып отыр

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай Жетісу өңірінде 2027 жылға дейін жалпы аумағы 1,5 млн шаршы метр болатын 419 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Бұл жайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Арыстанғали Арын Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұдан бөлек, 100 медициналық нысанның, 39 мектептің іргесі қаланып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілмек. Бұл партияның жеті өзеннен нәр алған өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған бастамаларының бір парасы ғана.

Ақсу ауданындағы кезекті үгіт-насихат барысында қызылағаштықтарға кандидат партия ықпалымен 2027 жылға дейін 100 мың жұмыс орны ашылатынын, 3000-ға жуық әлеуметтік осал отбасылардың баспаналы болатынын, 200-ден астам елді мекеннің көгілдір отынға қол жеткізінін сөз етті.

«AMANAT» – халықтың партиясы. Сол себепті ел азаматтарының тыныс-тіршілігін зерделей келе сайлауалды бағдарламасында ең алдымен тұрғындардың әлеуетін арттыру бағытында кешенді жоспар құрып отыр. Соның ең негізгісі баспана мен жұмыссыздық мәселесі. Партияның Жетісу өңіріне арналған бағдарламасында 2027 жылға дейін 100 мың тұрғынды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сонымен қатар, партиямыз алдағы бес жылдықта 322,9 шақырым су беру желілерін, 57,1 шақырым жылу желілерін және 684,4 шақырым электр желілерін қайта жаңғыртуға күш салады. Бұл өз кезегінде тозығы жеткен инфрақұрылымдарды біршама қалыпқа келтіріп, тұрғындардың сапалы ауыз су мен үздіксіз электр жарығын пайдалануға мүмкіндік алады», - деді Арыстанғали Арын.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары елді мекен үшін өзекті мәселелерін жайып салды. Қызылағаштықтарды жайылымдық және суармалы жерлердің жетіспеуі алаңдатады. Сонымен қатар, дала диқандары су тапшылығынан зардап шегеді. Ал ауыл балалары үшін ойын алаңы қат. Кандидат Арыстанғали Арын 2024 жылы Қызылағаш су қоймасы салынып, диқандардың «бас ауруы» толық шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, партия ықпалымен Қопалы ауылында ауыз су жүйесі тартылады екен. Кандидат өзге мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Елдің аманатын естуге келген Арыстанғали Арынға ауыл тұрғындары алғыс білдіріп, ақсақалдар батасын берді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары