$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дизель отынының литрі диқаншылар үшін 184 теңге болып бекітілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты

Дизель отынының литрі диқаншылар үшін 184 теңге болып бекітілді
Фото ашық дереккөзден

Көктемгі егіс науқаны кезінде өңірлердегі диқаншыларға дизель отынының литрі 184 теңгеден сатылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тамабектің айтуынша, көктемгі егіс жұмысын жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінген. Бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға көп. Энергетика министрлігімен бірлесіп облыстарды мұнай өңдеу заводтарына бекіту кестесі және мұнай өңдеу заводтарымен ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді.

«Қазіргі уақытта тиеп-жөнелту кестесіне сәйкес өңірлік операторлар ақпан айындағы 79,6 мың тонна немесе жоспардың 98%-ын толық дерлік төлем жасалды, 55,6 мың тонна немесе 69% тиеп-жөнелтілді. Өңірлерге дизель отынның тиеп-жөнелтілуіне күнделікті мониторинг жүргізіледі», - деді Тамабек.

Серіктес жаңалықтары