$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы бір жылда қанша пайызға қымбаттады

Мамандар тұрғын үй нарығындағы баға өзгерісі туралы айтты

Қазақстанда тұрғын үй бағасы бір жылда қанша пайызға қымбаттады
Фото: m-strana.ru

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 14% өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артқан.

«Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады. Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр, ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді», - делінген бюро хабарламасында.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті. 

Серіктес жаңалықтары