09.03.2023, 08:47
Жаңалықтар
Доллар тағы қымбаттады: 9 наурыздағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото: sputnik.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 9 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
8 наурыздан бері доллар бағамы қайта көтеріліп, 438,57 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, 7 наурызда америкалық валюта бағамы 432,83 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,81 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 439 теңгеден сатып алынып, 444 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 439 теңгеден сатып алынып, 443 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 438,57 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 467,34 (еуро)
- RUB / KZT – 5,81 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 23,19 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 63,25 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,02 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,87 (өзбек сомы).
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды