$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда екі жол учаскесі жабылды

Өңірдегі екі тасжол учаскесіне қар көшкіні түсуі ықтимал

Шығыс Қазақстанда екі жол учаскесі жабылды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты екі тасжол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, өңірдегі екі тасжол учаскесіне қар көшкіні түсуі ықтимал.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) және облыстық маңыздағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген хабарламада.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары