$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысы Қапал ауылының тұрғындары «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар әлеуметтік мәселелерді сөз етті

Жетісу облысы Қапал ауылының тұрғындары «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесті

Ақсу ауданындағы сапары барысында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық сайлауалды штабы мен партияның Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Арыстанғали Арын Қапал елді мекеніне атбасын бұрды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл жолы да кандидатты ауылдықтар кең пейілмен қарсы алды. Бірақ, қапалдықтардың да көкейінде біршама мәселе бар екен. Олардың да шымбайына жолдың жайы мен әлеуметтік өзге мәселелер әбден батқан сыңайлы. Тіпті, Қапалдың әлеуетін көтеру үшін аудандық статусын қайтару мәселесі де қозғалды.

Өз кезегінде сөз тізгінін тартқан кандидат Арыстанғали Арын «AMANAT» партиясының мақсат-мүддесін тарқатып баяндады. Оның айтуынша, халықтық партия тек халықтың жағдайын жақсартуды, елді жарқын болашаққа жетелеуді көздейді.

«AMANAT» жай партия емес, халықтың үніне құлақ түріп, елдің бүгіні мен болашағына нақ жоспары мен қарымды қарекеті бар партия. Біздің мақсат –халықтың жайлы өмір, қолайлы тұрмыс кешуін қамтамасыз еті. Партиямыз толық трансформациядан өтті. Уақыт пен қоғам талабын ескеріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз. Біз үнемі халықпен біргеміз», - деді кандидат.

Мұнан соң Арыстанғали Арын партияның ел әлеуетін көтеру бағытындағы бастамаларын тізбектеді. Кандидаттың сөзінше, саяси құрылым шағын және орта бизнесті ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсайды.

«Партияның міндеті – елді өркендету. Ал Қазақстанды өрісті, қуатты елге айналдыру үшін ауылды және ауыл шаруашылығын әлеуеттендіру қажет. Міне, осы бағытта партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ. Сонымен қатар, ауылдардың әлеуетін көтеру үшін біз шағын және орта кәсіпкерлікке ден қойып отырмыз. Алдағы бес жылда атаулы салада жұмыспен қамтылғандар санын 130 мыңға жеткізуге атсалысамыз. ШОБ-ты қолдау арқылы облыс экономикасындағы осы саланың үлесін 42 пайызға жеткіземіз», - деді Арыстанғали Арын.

Мұндай ауқымды мәселелерді шешуге тырысып жатқан партияға қапалдықтар сәттілік тілеп, алдағы саяси науқанда жеңісті-жемісті нәтижеге қол жеткізуге тілеулестік танытты.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары