ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 140 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні республиканың басым бөлігінде тұман, жел, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 4 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыста кей жерлерде қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі», - делінген хабарламада.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысында күндіз көктайғақ болады.