$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жел, тұман, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, бүгін 3 қала мен 12 облыста жел күшейеді

Жел, тұман, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Астанада, Қарағандыда, Көкшетауда және еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады.

Қарағандыда күндіз оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Көкшетауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары