06.03.2023, 22:51
Жаңалықтар
Қазақстанда шаш күтіміне арналған өнімдер бір жылда 41,7 пайызға қымбаттады
2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда сусабын бір жылда 41,7%-ға қымбаттады, сонымен бірге өндірістің азайғаны да байқалады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лак және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3% төмендеді.
Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.
Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді.
Импорт өнімдерінің үлесі - 97,6 пайыз.
12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)