Жыл басынан бері Қазақстан бойынша іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер ұсталды
Енді олардың бәрі заң алдында жауап береді

Жыл басынан бері еліміз бойынша іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер ұсталды. Бой тасалап жүргендердің арасында адам өлтіріліп, ұрлық жасағандары да бар. Енді олардың бәрі заң алдында жауап береді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, биыл оларға адам жоғалу туралы 1 мың 600 өтініш келіп түскен. Оның әрбір үшіншісі жасөспірім. Оларды табуға тергеушілермен қатар қарапайым тұрғындар да ат салысқан. Ал шетел асып кеткен қылмыскерлерге халықаралық іздеу жарияланады.
«Бүгінгі таңда халықаралық іздеуге жарияланған 15 қылмыскер ұсталды. Оның біреуі Қазақстанда әйел адамды өлтіріп, шетелде 25 жыл бой тасалап жүрген», - дейді ҚР ІІМ департаментінің аға жедел уәкілі Қуаныш Ыбрашев.