$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда республикалық маңызы бар 15 жол бөлігі жабылды

Төрт өңірдегі жол учаскелеріне шектеу енгізілді

Қазақстанда республикалық маңызы бар 15 жол бөлігі жабылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Еліміздің 4 өңірінде республикалық маңызы бар бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

«Ақтөбе (1 учаске), Ақмола (3 учаске), Солтүстік Қазақстан (8 учаске) және Қостанай (3 учаске) өңірлерінде республикалық маңыздағы жолдар жабылды», - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған өңірлердің аумағында орналасқан республикалық тасжолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Республикалық маңызы бар автожолдарда 400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.

«Жолда штаттан тыс жағдай туындаса, 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек», - делінген ұлттық оператор хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін ауа райына байланысты екі өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары